Ғалымдар қатерлі ісік тудыратын вируспен күресудің жолын тапты
IDO1 протеинін блоктау Эпштейн-Барр вирусының (EBV) инфекциясын жоюға көмектеседі. Эпштейн-Барр қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
60 жыл бұрын Энтони Эпштейн мен Ивонн Барр аталмыш вирусты ашты. Эпштейн-Барр канцерогендік белсенділігі дәлелденген алғашқы вирус болды. Әлемнің ересек тұрғындарының шамамен 90%-ы оны жұқтырған. Көптеген адамдарда вирус байқалмайды. Эпштейн-Барр аутоиммунды аурулармен және склерозбен де байланысты болуы мүмкі. Вирусты жоятын немесе оның алдын алатын вакцина немесе дәрі жоқ.
Иммундық В жасушаларын Эпштейн-Барр вирусы бұзады. Салдарынан иммундық жүйе бұзылады, созылмалы инфекцияға, қатерлі ісікке әкеледі.
Вирус В жасушалары бүлінгенде, IDO1 протеині көбірек өндіріледі. Ғалымдар тышқандарға эксперимент жасап, IDO1-ді блоктаса, вирус иммундық жасушаларды бүлдірмейтінін көрсетті.
Қазірдің өзінде онкологиялық ауруларды емдеуге арналған осы мақсатқа қолайлы препараттар бар.