«Ата-анам органда істеуіме қарсы болды»: Бишімбаев ісіндегі прокурор жеке өмірі туралы сыр шертті
Өз әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сұхбатта балалық шағы мен жеке өмірі туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өзінің туған жері, ата-анасы мен ортасы туралы сыр шертті.
“Мен Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Дәуіт станциясында туып, өстім. Студенттік шағым қайта құру кезеңімен тұспа-тұс келді. Қиын кезеңдер де болды. Ата-анам – ескі заманның адамдары. Отбасымызда бәрі бәрі ашық, анық, әділ болатын. Олар біздің не нәрсені болсын дұрыс жасағанымызды қадағалады. Менің өмірімде көп жақсы адамдар кездесті. Осы деңгейге жетуіме мектеп кезіндегі ұстаздарым да өз үлесін қосты. Мен өскен шағын станциядағы балалар бос уақытын мектепте өткізетін. Алғашқы екі сыныпты қазақша бітірдім. Қайта құру кезінде қазақ сыныптары жабылып қалғандықтан, мен орыс сыныбына ауыстым. Орысша бір ауыз сөз білмейтінмін. Сол кездегі алғашқы ұстазым маған көп көмектесті”, – дейді Айжан балалық шағын еске алып.
Прокурордың анасы – мұғалім, қазір кезде еліне еңбегі сіңген қайраткер. Әкесі сол кездері ауылшаруашылық техникасында жұмыс істеген.
“Ол кезеңде жалақыны макаронмен беретін. Бірақ ата-анам еңсесін түсірген емес. Бізге жақсы тәрбие, сапалы білім бере білді. Мектеп бітірген соң грантқа түспесем мені ешкім оқытпасын білдім. Ақылы бөлімде оқуға мүмкіндік болмады. Мектеп бітіргеннен кейін “Қарағанды жоғарғы милиция мектебіне” түсуді армандадым. Погон тағып, оргнада жұмыс істегім келді. Бірақ прокурор, полиция деп бөліп-жарып жатпадым. Бірақ ата-анам мұныма қарсы болды. Сөйтіп Манаш Қозыбаев атындағы солтүстік қазақстан университетіне оқуға түсітм. Сонда 4 жыл оқып, жатақханада тұрдым. Нағыз студенттік шақты бастан өткердім. Қазір байқасам, ата-анам маған дұрыс бағыт беріпті. Сол кезде оларға ренжідім, жанжал, түсініспеушілік болды. Бірақ қазір оларға айтар алғысым шексіз”, – деп ата-анасына ризашылығын білдірді.
Атышулы сотта біліктілігімен көзге түскен прокурор Айжан Аймағанова отбасында сүйікті жар, аяулы ана.
“Тұрмыстамын, үш баланың анасымын. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмын. Балаларым әлі кішкентай, сондықтан қазіргі болып жатқан жағдайларды аса түсінбейді. Күйеуім екеуіміз бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Мен көбіне үйде болмаймын. Бірақ демалыс, мейрам күндері соның орнын толтыруға тырысамын. Отбасым маған үнемі демеу беріп отырады. Біз бәріміздің бір кемеде екенімізді түсінеміз және оның шайқалуына жол бермеуге тырысамыз”, – дей Айжан.