Нур-Султан

«Салтанат үшін өмір бойына сотталсын». Адвокат Бишімбаевтың сотына келгендердің киіміне шүйлікті

Бүгін елорданың ауданаралық сотында Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі жалғасты. Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «Салтанат үшін өмір бойына сотталсын» (За Салтанат, пожизненно) деген жазуы бар майка киген адамдарды сот залынан шығарып жіберуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Оның сөзінше, бұл жазулар алқабилердің ойына әсер етуі мүмкін.

Судья Айжан Құлбаева адвокаттың өтінішін қабылдаудан бас тартты.

«Сот процеске қатысушылардан басқа азаматтарға қандай киім киіп келу керек екеніне қатысты талап қоя алмайды», — деді судья.

Другие новости

Back to top button