Алматинская область

Із-түзсіз жоғалды: Алматыда үш жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр

Алматы облысында үш жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр. Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің хабарлауынша, іздеу операциясы кезінде жақын маңдағы су айдынының суы ағызылған. Бірақ ол жерден де ештеңе табылмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

«Безымянный тоғанындағы суы 2 метрге түсірілді. Алайда қыз табылмады. Облыстық ішкі істер басқармасы мен Еңбекшіқазақ ішкі істер басқармасы Куш ауылына жақын орналасқан Ақши, Қырбалтабай және Балтабай кенттерінің тұрғындарынан сұрап шықты. Алайда, іздеу оң нәтиже бермеді. Қыз әлі табылған жоқ», — деп хабарлады аудан әкімдігі.

Үш жасар қызды іздеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыз табылмай жатқаны хабарланды. Аймақты жан-жақты тексеру нәтиже бермеген. Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызылатыны айтылды. Ол жоғалған қыздың үйінің дәл жанында орналасқан.

Кішкентай қыз 17 наурыз күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында болды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарлаған.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті полиция және жедел блок қызметкерлерінен құрылған арнайы іздеу тобы құрылды. Қазір үйретілген иттермен ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздейтін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Другие новости

Back to top button