Западно-Казахстанская область
Шұғыл: Орал мен 3 ауданның тұрғындарын тез арада көшіру қажет
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дабыл қақты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, судың мол көлемі Ресей Федерациясынан 2-3 күнде Батыс Қазақстан облысына жетеді.
«Жаңа ғана маған ақпарат келіп түсті. Қала әкімдігі дәл қазір тұрғындарға үндеу жасапты. Ресейдің Орынбор аймағынан су 2-3 күнде келетіндіктен, Орал қаласындағы қауіпті аймақтардың тұрғындары дереу қауіпсіз жерлерге көшірілуі тиіс деген. Атап айтқанда, Орал қаласындағы Жайық өзені бойындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары шұғыл арада эвакуациялану қажет. Судың мол көлемі кез-келген уақытта жетіп, үйлерді су басуы мүмкін- деген хабар тарауда», — деді спикер.
Қазір төтенше жағдай қызметі, күштік құрылымдар мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.