Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент құттықтауын Х әлеуметтік желісідегі парақшасында жариялады.
“Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін”, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, 14 наурыз күні Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі — Көрісу күнін тойлайды.
Бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтаған еді.