Экономика

Қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 10 млрд доллардан асты — Ұлттық экономика министрі

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 4,2%-ті құрап, қаңтардағы 3,9%-ға қарағанда жеделдеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Нақты секторда оң динамика байқалуда. Нақты сектор – 5,1%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 3,5%-ке өсті. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 7,9%-ті құрап, қаңтардағы 0,6%-ке қарағанда айтарлықтай жеделдеді. Инвестициялар көлемі құрылыста – 2,7 есеге, білім беруде – 56%-ке, көлік және қоймалауда – 47%-ке, ақпарат және байланыста – 45%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 37%-ке, ауыл шаруашылығында – 12%-ке өсті», — деді ол.

Министр баяндамасында өңірлер арасында ең жоғары инвестициялық өсу Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалса, Ақмола, Атырау және Маңғыстау облыстарында инвестиция көлемінің төмендеуі байқалғанын айтап өтті.

«Алдын ала қорытынды бойынша ағымдағы жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 10 млрд доллардан асты. Экспорт 6 млрд долларға жуықтады, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – 1,6 млрд доллар. Тауарлар импорты 4 млрд доллардан асты. Жалпы оң сауда балансы 1,7 млрд долларды құрады», — деді министр.

Другие новости

Back to top button