Алматинская область
Қақаған аязда Алматы тұрғындары жылусыз қалды
20 ақпан күні түнде Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында жүк көлігі газ құбырына барып соғылған. Оқиға салдарынан Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Апатты қалпына келтіру жұмыстарына қаланың барлық коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметі жұмылдырылды», — деп жазды аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкім апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, үйлерге газ жіберілгенін хабарлады.