ГлавноеТуркестанская область
«Туыстарына өлтірмек ниеті барын айтқан». Түркістандағы екі баланың өлімі туралы тың дерек айтылды
Кеше Түркістанда әйел екі баласын өлтіргені туралы ақпарат тараған еді. Бала құқықтары жөніндегі өкіл Динара Зәкиева оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
Зәкиеваның айтуынша, бұл жайттың алдында әйел туыстарына балаларды өлтірмек ойы барын хабарлаған.
«Екі баланы өз анасы өлтірген. Иманды болсын! Періштелер… Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, жалдамалы пәтер алған. Кейін туыстарына балаларды өлтіргелі жатқанын хабарлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ол.
Түркістан облысының Полиция департаменті тергеумен айналысып жатыр.
Ал жергілікті басылымдар мәліметінше, әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген. Мұны Шиелі аудандық білім бөлімі растаған.