Туркестанская область

Түркістан облысында үйінде босанған әйел перзентханаға ТЖД көлігімен жеткізілді

Жедел жәрдем қызметінің мамандары 38 жастағы келіншекті үйінде босандырып алды.

Оқиға Төлеби ауданында болды. 38 жастағы жүкті келіншекті жедел жәрдем қызметкерлері үйінде босандырып алды. Содан ауруханаға алып шыққанда көліктері қар құрасауында қалып қойған. Дер кезінде жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жас босанған ананы құтқарушылардың көлігіне салып, ауруханаға жеткізді. Келіншек арнайы кереуетке жатқызылып, ауруханаға да көтеріп кіргізілген. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қалыпты.

«Шұбарағаш елді мекенінің тұрғыны, 1986 жылы туған Жанна Сарсенова толғағы келуіне байланысты 103 байланыс номеріне қоңырау шалған. Жедел жәрдем көлігі уақтылы жетіп, ауруханаға жеткізу барысында елді мекен ішінде қар құрсауынан шыға алмай қалды. Хабарлама алысымен Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №5 өрт сөндіру бөлімі және авариялық құтқару жасағының жеке құрамы жедел жәрдем көлігін қар құрсауынан шығарып, ауруханаға жеткенше сүйемелдеп барды», — делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал, жас ана Жанна Сарсенованың жұбайы боранды күні келіншегіне көмектескен жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушыларға, өрт сөндіруші жігіттерге алғысын айтты.

Другие новости

Back to top button