«Түсік жасатқан соң жатырында шақалақтың бір бөлігі қалып қойған»: Батыс Қазақстанда мәжбүрлі түсіктен кейін әйелдің жағдайы нашарлап кеткен
Батыс Қазақстанда ақылы түрде түсік жасатқан әйел өлім аузында қалған. Аймекен Әбеннің жақындарының айтуынша, мәжбүрлі түсік жасату кезінде шақалақтың бір бөлігі әйелдің құрсағында қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
26 жастағы Аймекен құсып, іші ауырғандықтан ауданнан облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Токсикоздың асқынуына байланысты дәрігерлер жүктіліктің екінші айында баласын алдыртқызды. Науқас әйел жасанды түсікті 80 мың теңгеге жасатқан. Аймекен бір ай ішінде бес рет ауруханаға түскен көрінеді, содан кейін оны жеке емханаға жатқызыпты. Дәл сол кезде денесінде шақалақтың қалдығы қалып қойғаны белгілі болған. Науқастың туыстары кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде.
“Олар бірден бір түсік жасату керек еді! Алайда олар анестезиямен жатырды екі рет тазалады, бұл әйелдің денсаулығы үшін өте қауіпті. Ол болашақта ана болу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Дәрігерлердің жауапқа тартылып, шара қолдануын талап етемін”, – деді әйелдің туысы Шынар Құбашева.
Дәрігерлердің айтуынша, ауыр токсикоз салдарынан жүктілікті сақтау мүмкін болмаған. Олар Аймекен ана болуды жоспарламас бұрын созылмалы ауруларын алдын ала емдеп, тексеруден өтуі керек еді дейді.
“Бізде осындай ауыр токсикоз болатын жағдайлар бар. Көбісі дәрігерлерге бармайды, асқынып кеткенде ғана келеді. 2-3 айлап жүреді. Содан кейін бала дамыған кезде, метаболикалық бұзылулар пайда болады, толығымен электролит алмасуы байқалады”, – деп мәлімдеді облыстық көпсалалық аурухананың бөлім бастығы Гүлнәр Мұқанова.
Аймекен әлі облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін жасырмайды. Олар басқа медициналық мекемелердің мамандарын тартуға дайын екенін жеткізді.