Госорганы

Қазақстандық сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

Ел аумағында оның күші сезілмеді 

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 13 сағат 19 минутында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 263 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы -10.5.
  • Магнитудасы MPV — 4.5.
  • Эпицентрдің координаттары 41.15° С. Е. 78.48° ш. б.
  • Тереңдігі  — 5 км.

Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілмеді.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша түнгі сағат 00:09-да Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.

Алматыда — 5 балл, Шымкентте-2 балл. Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді.

Другие новости

Back to top button