Жетысуская область
Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады
Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады. Полиция іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға жайлы 3 қаңтар күні журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген. Журналист таратқан ақпаратқа қарағанда, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсан күні кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.
“Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің он қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын мойындады”, – делінген мәліметте.
Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деп қосты полиция.