Алматинская область

Үш күн жарықсыз отырған Алматы облысының тұрғындары жаппай наразылыққа шықты

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылы мен оған жақын орналасқан елдімекен тұрғындары жолды жауып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 5region сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

 

Ащыбұлақ ауылы тұрғындарының айтуынша, электр жарығы, су және газдың жоқтығынан олар жаппай наразылыққа шығуға мәжбүр болған.

«Үйімізде тоңып жатырмыз, жарық, су, газ жоқ. Қалай күн көреміз!?», — деді ауыл тұрғындарының бірі.

Митинг болған жерге Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келді. Электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.

«2023 жылдың 14 желтоқсаны күні кешке Алматы облысы, Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында апатты жағдайда электр қуаты үзіліп, 3500-ге жуық тұрғын жарықсыз қалды. Оқиға орнында жедел топ жұмыс істеді. Ажыратуға кабельдің зақымдануы себеп болды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, төтенше жағдай жойылды», — делінген хабарламада.

Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі жазда мемлекет ақшасын пайдаланып, Тоқаевтың портретін 70 000 теңгеге сатып алған. Сонымен қатар 2023 жылы 14,6 млн теңгеге көліктерге техникалық қызмет көрсету қызметтері сатып алынған.

 

Другие новости

Back to top button