Павлодарская область

Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйлерге бірнеше сағат ішінде жылу беріледі – әкім

Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов мәлімдеме жасады

Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйлерге алдағы бірнеше сағаттың ішінде жылу беріледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, бүгін түнде, сағат 04:30-да Екібастұз ЖЭО-да су жылыту қазандықтарының жұмысы қатты отынға ауыстырыла бастады.

«Кеше түнде күлді шаю құбыры зақымданғаннан кейін станцияда қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді. 10 желтоқсанда кешкі сағат 19.30-да бұрын су басқан барлық учаскелер құрғатылды. Бұдан соң, мамандар екі электр қозғалтқышын ауыстыруға кірісіп, сорғы күл құбырының жұмысын қалпына келтірді. Сағат 06:00-де бұрын мазутта жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы отынның негізгі түріне – көмірге толығымен ауыстырылды», — деді өңір басшысы.

Қазіргі уақытта станция белгіленген параметрлерге шықты, 6 қазандық агрегаты жұмыс істеуде, 3 қазандық-резервте, 1-уі жоспарлы жөндеуде. Жылыту параметрлері: қысым — 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-нан шыққан температура-79 °С құрайды.

«Келесі үш-төрт сағат ішінде екібастұздық пәтерлерде жылырақ болады, таңертеңгі 10:00 температуралық параметр 90 °С-қа жеткізуі көзделген», — деді А. Байқанов.

Айта кетсек, 10 желтоқсанда Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымданғаны анықталды. Екінші ыстық су қазандығы цехының су сорғы стансасын су басып қалды.

Другие новости

Back to top button