«Жетісу өңіріндегі 1000 гектардан астам жерді кепілге қойды»: Желіде вице-министр Сәрсен Құранбекке қатысты видео тарады
Желіде Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбектің Жетісу өңіріндегі 1000 гектардан астам жайылымдық жерді алып, кепілге қойғаны айтылған видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«1500 гектар жер Жоламаннан басталған. Сәрсен өзі Астанада тұрады. Алтынемелге база ма бірдеңе салмақшы екен. Маған Алтынемелді ұсынды деді. Бұл ауылдың жері, мұнда шабындық пен мал жайылымы бар. Ертең бүкіл аудан көтерілсе 1500 гектар жерден айырылып қаласың. Шұбар ауыл округінің жерін қайтарып бер дедім. Аудан 672 гектар жер берсе көктемге дейін қайтарып беремін деді», — дейді видео кейіпкері.
Аталған жағдайға қатысты, Туризм және спорт министрлігі өз жауабын берді.
«Сәрсен Құранбек вице-министрлікке келгенге дейін бизнеспен айналысты. Қазір заң бойынша сенімді тұлға. Өз бизнесін сенімгерлік басқаруға заң аясында тапсырды», — деді Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек марқұм журналист Бейсен Құранбектің туған бауыры.