Шымкент

Шымкент ауруханасында науқас дәрігерлерге шабуыл жасады

Денсаулық сақтау басқармасы полицияға шағым түсірді

Желіде ауруханада ер адамның медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны бейнеленген видео тарады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Алдымен науқас әдепсіз сөздер айтып, содан кейін күш көрсетуге көшеді. Оның жанында осы уақыт бойы қолында баласы бар әйел болған.

Белгілі болғандай, оқиға 20 қыркүйек күні кешке Гипербаррикалық оксигенация орталығында болған. 28 жастағы науқастың туыстарының айтуынша, ол улы сұйықтық ішкен. Ер адам өте ашулы болған, сондықтан дәрігерлер оған тыныштандыратын дәрілер салуды ұйғарған. Алайда науқас орталық қызметкерлерін ұрмақ болыпты.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы істің Шымкент қалалық ІІД-не тапсырылғанын хабарлады.

«Гипербариялық оксигенация орталығына 1995 жылғы азамат жедел медициналық жәрдем көлігімен жеткізілген.Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен. Науқасты дәрігерлер тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты, тыныштандыру, ем шараларын жүргізу мақсатда  жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда науқас көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен.  Орын алған жағдай байланысты 102-қызметіне  хабар берілді»,- деп хабарлады Шымкент қаласының денсаулық басқармасы.

Еске сала кетейік, бұл бір аптада медицина қызметкерлеріне жасалған екінші шабуыл. Екі күн бұрын Талғар ауруханасында қайтыс болған науқастың туыстары медбике мен дәрігерді соққыға жыққан болатын.

Другие новости

Back to top button