Мангистауская область

Маңғыстау облысында таксистерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

Олардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҰҚК мәліметінше, операция кезінде қылмыстық топтың көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

«Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қауіпімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен», — делінген хабарламада.

Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған.

Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Другие новости

Back to top button