«Дәрігерді сабап, мәйітті ұрлаған»: Талғар аудандық ауруханасында жанжал шықты
Талғардағы ауруханада көз жұмған науқастың туыстары дәрігерлерді соққыға жықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талғар аудандық орталық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, әкесінің қайтыс болғанын білген ұлдары дәрігерлерді аяусыз ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап күшпен алып кеткен.
«Қайтыс болған адамның ұлдары кісі өлімі туралы дәрігер анықтамасының ресми рәсімін күтпестен жан сақтау бөліміне баса көктеп кіріп, ондағы дәрігер мен мейіргерге қарсы күш қолданып, марқұмның денесін ұрлап оны медициналық төсек арбамен бірге алып кетті», – делінген Талғар аудандық орталық ауруханананың хабарламасында.
Жасалған шабуыл салдарынан анестезиолог-реаниматолог дәрігерге бас миының жарақаты, ми жарақаты, көптеген гематома мен сырылулар, сондай-ақ кеңсіріктің жабық сынығы диагнозы қойылды.
«Шақырту бойынша оқиға орнына жеткен Талғар қалалық полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның денесін қайтару және дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін кінәлілерді ұстау бойынша қажетті шаралар қабылдады», – деді Талғар аудандық орталық ауруханасының басшысы.