Западно-Казахстанская область

«Балаларды шағады ма деп қорқамыз»: Оралда тұрғындар көпқабатты үйлерде пайда болған улы қарақұрттарға шағымдануда

Оралда тұрғындар көпқабатты үйдің кіре берісінде улы қарақұрттардың қаптағанын айтып шағымдануда. Олар күн суыса улы жәндіктер үйге кіріп кете ме деп қорқатындарын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Кердері көшесіндегі No140 көпқабатты үйдің тұрғындары улы қарақұрттардың тұқымын анықтауға тырысуда.

“Біз шара қолдану үшін ҚСҚ-ны шақырдық. Бірақ олар көмектен бас тартты. 109 қызметіне қоңырау шалдық — олар да бас тартты. Дезинфекция қызметін шақырсақ, олар қызмет құны 15 мың теңгеден жоғары болатынын айтты. Көршілер мұндай соманы жинағысы келмейді. Енді не істейміз? Күн суыса, қарақұрттар пәтерлерге кіріп кетеді. Балаларды шаға ма деп қорқамыз», – деді көпқабатты үйдің тұрғыны Алина.

Тұрғындардың айтуынша, қарақұрттар подъезде көбейіп үлгерген. Ірі өрмекшілер төбеге тор тоқып сонда ұялаған.

Орал қаласының әкімдігі бұл үйде дезинфекция жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

“Жертөлелер мен кіреберістерді дезинфекциялауды ҚСК жүргізеді”, — деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Другие новости

Back to top button