Туркестанская область

Түркістан облысында немере ағасы мүмкіндігі шектеулі екі қарындасын күң еткен

Оларға аптап ыстықты мал бақтырған

Түркістан облысының тұрғындары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, «Көреміз» бағдарламасына жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олар сыныптастарын туған ағасы еңбек құлдығына жеккеніне алаңдаушылық білдірген. Олардың жасы 27 және 32 жаста.

«Қыздар тек нан мен қара су ішетіндерін айтады. Қыздардың үстінде майка мен шалбар ғана. Ішінде іш киім де жоқ. Сонымен қатар мен үйлерін толық аралағанда жеке бас гигиенасына арналған заттарды көрмедім. Екеуінен қоңырсық іс шығып тұр», — деді Айша Мұстафина.

Ал Гүлсімжан Әділжанова азып-тозған қыздарды танымай қалғанын да айтқан.

«Мектепте оқығанда тәп-тәуір қыздар еді. Өзім кейде көргенде танымай да қалатынмын. Үсті-бастары жара, шаштарын қысқа қылып алып тастаған. Екі қыздың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мемлекеттен жәрдемақы қарастырылған. Ағасы ақшаны қалтаға басып, аптап ыстықта екі қарындасына мал бақтырып қойған. Оларға мал бақтырып, қорлық көрсетіп жүр. Қыздардың осындай жағдайға жеткізген адамдарды жауапқа тартуды сұраймыз», — деді ол.

Қыздардың немере ағасы Сәулебек Әбділдаев қыздарға 89 және 70 мың теңге бөлінетінін айтты.

«Бізден бөлек тұрады. Себебі олардың жұқпалы ауруы бар. Кішкентай қыз туберкулезбен ауырады. Ол дерт балаларға жұға ма деп бөлек шығардық», — деді ол.

Авторы

Другие новости

Back to top button