Тоқаев Ақордада Албания президентін қарсы алды
Екі ел басшылары бірқатар мәселе бойынша келіссөздер жүргізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегайды Ақордада қарсы алды.
Екі ел басшылары бір-біріне министрлерді таныстырды.
Одан кейін президент оркестрі екі елдің Әнұраны орындады.
» alt=»» aria-hidden=»true» />
Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.
» alt=»» aria-hidden=»true» />
Еске салсақ, 1993 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап Албанияның Қазақстандағы елшісі Кастриот Робо болса, 2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап ҚР-ның Албаниядағы елшісі қызметін Еркебұлан Сәпиев атқарып жатыр.