Госорганы

Үкімет басшысы Шымкенттің жаңа әкімінің алдына бірқатар міндет қойды

Үкімет басшысы атап өткендей, Шымкент қолайлы экономикалық және іскерлік ортасы бар қала болуға тиіс.

Ол үшін инвесторларға тиісті жағдай жасап, қаланың дамуына серпін беретін өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға басымдық беру қажет.

«Біз Шымкент қаласының шағын және орта бизнес үшін өнеркәсіптік аймақтар құру тәжірибесін кеңінен қолдаймыз. Биыл бұл тәжірибені барлық өңірде қолдану бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шымкент шағын және орта бизнестің орталығы деп айтуға болады. Сол себепті шағын индустриялық аймақтарды іске қосу жұмыстары жалғасуға тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыру маңызды міндеттердің бірі болып отырғаны атап өтілді.

Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ қатар ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажет. Қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту де осы мақсатқа жетуге ықпал етпек.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр жаңа әкімге және барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Другие новости

Back to top button