Госорганы

“Келісім жасалмаған”: Экология министрлігі Жапонияның теңізге радиоактивті қалдықтар ағызуының Қазақстанға әсері туралы айтты

Жапония Фукусима атом электр станциясының сарқынды суын Тынық мұхитына төге бастады. Бұған өзге елдер қарсы болып, радиоактивті қалдықтардан қорқып, Шығыс Азияның теңіз өнімдерінен бас тартуда. Осыған орай еліміздің Экология минстрлігі мұның Қазақстанға еш қауіп төндірмейтінін жеткізді.  Бұл туралы БАҚ хабарлайды. 

 

Станцияда миллион тоннадан астам қалдықтар сақталған. Ағын сулар 2011 жылы апаттан кейін жинала бастаған. Кейін жер сілкінісі мен цунами салдарынан станцияның үш реакторы істен шыққан.

Атом электр станциясының операторы ағынды сулардан барлық қауіпті элементтер жойылғанын мәлімдеді. Дегенмен онда радиоактивті изотоптың қалдық сутегі – тритий бар екені расталған. Ластанған қалдық сумен сұйылтылғандықтан халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, бұған келісім берді. Дегенмен теңізге мұндай қалдықтарды төгуге көрші мемлекеттер қарсы болды. Наразылықтар Жапонияның өзінде басталды.

«Қалдықтағы жалғыз мәселе тритий емес. Су құрамында басқа да радиоактивті заттар көп. Ол мұхитқа жайылған соң адамдардың денсаулығына зиян келтіреді», – деді наразылыққа қатысушы Иизука.

Ал Сеулде жергілікті тұрғындар Жапония елшілігінің алдына жиналды. Олардың арасында студенттер де болды. Тіпті наразылық акциясына полиция араласуға мәжбүр болды. Пусан қаласында экологиялық топ белсенділері Шығыс теңіз жағалауында өз пікірлерін білдірді. Олар қолдарында баннерлер мен жалаулар ұстап, теңізді сақтап қалуды сұрады.

Тұрғындардың айтуынша бұл сұйықтықтың теңізге ағуынан бүкіл аумақ зардап шегуі мүмкін. Әсіресе балық экономикасына үлкен әсерін тигізуде. Бейжіңнің ірі нарығындағы сатушылар қазірдің өзінде жаңа жеткізушілерді табуды ойлап жатыр екен.

«Біз Жапониядан шикізат импорттаудан аулақ болуға тырысамыз. Болашақта жапондық тауарларға қатаң бойкот жариялауымыз керек», – деді теңіз өнімдерін сатушы.

Жапондық теңіз өнімдеріне бойкот мемлекеттік деңгейде басталды. Қытай билігі
импортқа толық тыйым салды. Ал Қытай нарығы Жапония үшін ең үлкен тұтынушы болатын. Жапон үкіметі осыған орай шұғыл әрекет етті.

Алайда еліміздегі басшылар Жапонияның теңіз өнімдері Қазақстанға қауіп төндірмейтініне сендірді.

«Биылғы жылы балық және балық өнімдерінің импорты Жапониямен жасалмаған. 2022 жылы импортымыз Норвегия, Латвия, Чили, Финляндия сияқты елдерден шамамен 43 мың тоннаны құрады», – деді ҚР Экология министрлігінің балық шаруашылығы комитеті және табиғи ресурстары төраға орынбасары Аян Базиянов.

Другие новости

Back to top button