Мангистауская область

Маңғыстау облысының әкімдігі Ақтау әуежайын жеке компанияға 15 миллион теңгеге жалға берген

Маңғыстау облысының әкімдігі Ақтау әуежайын басқаратын түркиялық компаниядан 15,25 миллион теңге дивиденд алды. Бұл туралы Курсив газеті хабарлайды.

 

Басылым мәліметінше 2022 жылы әуежайдан түскен табыс дивидендтен 134 есе көп және 2 миллиард теңгеден асып жығылған.

«Маңғыстау билігі Ақтау әуежайын сенімгерлік басқару келісімшарты бойынша алатын қаржы теңіз жағасынан 5 бөлмелі пәтерді жалға алу құнымен бірдей. Дивиденд көлемі түркиялық ATM Grup Limited компаниясымен 2007 жылы жасалған келесім аясында белгіленеді», – деп жазды басылым.

Түркиялық компания Ақтау әуежайын 28 жылға сенімгерлік басқаруға алған. Келісімшартқа сәйкес 2018 жылдан бастап Маңғыстау әкімдігі 15,25 миллион теңге көлемінде дивиденд алса, 2023-2027 жылдар аралығында 18,3 миллион теңге дивиденд алады. 2028 жылдан бастап дивиденд көлемі 21,35 миллион теңгеге көтерілсе, 2033 және 2035 жылдары 24,4 миллион теңге дивиденд алады екен.

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ есебінде 2022 жыл үшін әкімдікке дивиденттердің төленгені көрсетілген. Дәл осы құжатқа сүйенск әуежайдың жалпы табысы 2,046 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылғы табысынан 3 есеге көп (725,3 миллион теңге)», – деп қосты басылым.

Другие новости

Back to top button