Жезқазғанда 80 адам қаржы пирамидасына 63 млн теңге салған
Оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасы жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Аталған фактіні ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және Агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде анықталды.
«Күдікті тұлғалар «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда («YouTube» бейнехостинг сайты, «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері, «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілер), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген. Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан», — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы — адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы – бойынша тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты «MetaGo» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
ҚР ҚПК-нің 201 бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.