ГлавноеГосорганы

«Тамақтан уланбаған»: Есмағамбетова Қарағанды облысындағы жағдай жайлы

5 баланың жағдайы орташа ауыр болып отыр

Үкімет отырысының кулуарында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта орын алған жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Бұл орталықтағы 12 балаға «түсініксіз генезді улану» диагнозы қойылды. Әзірге улану себебі түсініксіз. Өкінішке қарай, 12 баланың біреуі көз жұмды. 6 бала жансақтау бөліміне түсті. 5 баланың жағдайы орташа ауыр. Бұл балалардың барлығы – жасөспірім ер балалар. Оның себебін анықтау үшін уақыт керек. Тамақтан улану болуы мүмкін деген алдын ала күдік бар. Бірақ бірінші тексерістен мұның улануға қатысы жоқ екені анықталды. Осы жайтты, балалардың жағдайын ескеріп, Денсаулық сақтау министрі оқиға орнына кетті», — деді бас санитар дәрігер.

Еске салсақ, Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, бір бала қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облысқа аттанды. Бас прокуратура аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Другие новости

Back to top button