Актюбинская область
Ақтөбеде өндіріс цехындағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Ақтөбе қаласы, 41-разъезд аймағында тұрмыстық ыдыс жууға арналған жуғыш зат өндіріс цехының жануы бойынша ТЖД-ға хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Өртті сөндіруге 101 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды. Шақырту орнына барған кезде өндіріс цехынының 1-қабатындағы қойма шатырының жануы орын алғаны анықталды. Өрттің алаңы 900 шаршы метрді құрады.Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.Өрт сағат 22:47-де оқшауланып, 23:15-те сөндірілді», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрттің басқа да ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Қауіп төнген жоқ.
Материалдық құндылықтарды эвуакациялау жұмыстары жүргізілді.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.