Восточно-Казахстанская областьГлавное

«Пайдасыз жиналыс, тыңдаулардан жалықтық»: Маралды ауылының халқы президент Тоқаевқа тағы үндеу жолдады

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылына облыс және республикадан жауапты тұлғалар барып, алтын зауыты құрылысына қарсы маралдылықтармен кездесті. Алайда кездесу қорытындысына  жергілікті жұрттың көңілі толмай отыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

 

Маралды ауылының халқы алтын өндіру орнының салынуына үзілді-кесілді қарсы.

«Фабрикаға қарсы болып неше ай болды сандалып жүрміз. Міне, тағы келіп кетті. Келіп кеткен үкімет басшыларынан бізге ешқандай пайда жоқ. Сенуден де қалдық. Тыңдау, жиналыстардан да жалықтық. Бізді тыңдайтын биліктегілердің құлағы керең болып қалған ғой деймін. Облыс әкімін де шақырдық. Келмеді. Ешкімге керегі жоқ боп қалдық. Президентке үндеу жасағымыз келеді – осы мәселені шешіп берсе деп ойлаймыз», — дейді тұрғындардың бірі.

Айта кетсек, бұған дейін Маралдыдағы жергілікті тұрғындар мен алтын зауыты компаниясы күзетшілері қақтығысқан. Қоғамдық тыңдау өтеді деген күні билік тарапынан ауылға ешкім келмей, мұның арты ауыр салдарға апара жаздаған.

Күршім ауданы Маралды мен Үшбұлақ ауылының тұрғындары осы жылдың басында да президентке жүгінген еді.

Другие новости

Back to top button