Восточно-Казахстанская область

Шемонаихадағы жарылыс: Зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды

Шемонаихадағы жарылыста зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды. Олардың денесін 100% дерлік күйік шалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

«Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті, бірақ құтқара алмады», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетсек, 22 маусымда Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха қаласында газгольдер жарылып, бес адам зардап шеккен еді.

«22 маусымда Шемонаихадағы Украинская көшесіндегі газ баллондарын толтыру станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button