Жетысуская область

Талдықорғанда сот Қаңтар оқиғасы кезінде бір отбасын атып өлтірген әскери қызметкерді 7 жылға соттады

Талдықорғандағы қаңтар оқиғасы кезінде Сейітқұловтар отбасын атып өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер Данияр Егембаев жеті жылға сотталды. Бұл жөнінде  Азаттық радиосы хабарлайды.

 

“Алматы гарнизонының әскери соты Сейітқұловтар отбасының өлімінен кейін билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деп айыпталған (ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі) әскери қызметші Данияр Егембаевты жеті жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген дүйсенбіде шыққан сот шешімінде.

Бұған дейін прокурор айыпталушыға осы жаза мерзімін беруді ұсынған.

Айта кетейік, осы жылдың 20 қаңтарында өткен сотта тек Нұрболат Сейітқұлов пен қызы Нұрай Оразыханға қатысты іс қаралған. 50 жастағы Алтынай Етаеваға оқ атылғаны әлі дәлелденбеген. Оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.

8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қыздары Нұрай Оразыхан Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған.

Қайғылы оқиға болған күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Бұл кезде қала аумағында комендант сағаты енгізілген еді.

Ерлі-зайыптылардың жасы 51-де болған. Әйелі – үй шаруасындағы әйел, күйеуі Нұрболат зауытта жұмыс істеген, ал қыздары мектепте оқыған.

Другие новости

Back to top button