Физикалық жаттығулар ұйқы қанбауының жағымсыз салдарын азайтады
Еуропалық профилактикалық кардиология журналындажарияланған жаңа зерттеуде Қытай ғалымдары жаттығулармен дұрыс ұйқының мезгілсіз өлім қаупіне ықпалын тексеріпті.
«Зерттеуден белсенді жаттығулар қысқа немесе ұзақ ұйқығабайланысты өлім қаупін төмендететіні анықталды», — деп мәлімдеді зерттеу авторы, Гуанжоу медицина университетінің докторы Цзихуэй Чжан.
Ғалымдар бұл зерттеуінде 2013 жылдан 2015 жылға дейінбір апта бойы Британдық биобанктен акселерометрі барбілезік таққан 40 пен 73 жас аралығындағы 92 221 адамныңнәтижелерін талдаған. Бағдарламаға қатысушылардың73,2%-ында тәулігіне 6-8 сағат ішінде қалыпты ұйқыұзақтығы болған. Бақылауға алынғандардың 19,7%-ы 8 сағаттан астам ұйықтаған, ал 7,1%-ында ұйқысыздықболған. Қатысушылардың 33,4%-ында денежаттығуларының жетіспеушілігі байқалыпты.
Зерттеушілер дене жаттығуын жасамайтындар арасындаұйқының жетіспеушілігіне немесе артық болуынабайланысты барлық себептен болатын өлім қаупісәйкесінше 16% және 37%-ға артқанын мәлімдеді. Дене жаттығу деңгейі орташа деп бағаланғандар арасында бір ғана ұйқы жетіспеушілігінің теріс әсері өлім қаупін 41%-ғаарттырған. Орташа жүктеме мен ұйқы сағаттары артық қатысушылар арасында өлім қаупінің жоғарылауыбайқалмапты. Ал дене жаттығуын қарқынды жасайтындарда ұйқының ұзақтығы өлім қаупіменбайланысты болмаған.
Сонымен қатар, физикалық белсенділігі төмен жәнеұйқының жетіспеушілігі бар қатысушылар арасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупі 69%-ғаөскен, бірақ физикалық белсенділік орташа немесе жоғарыдеңгейге шықса, бұл қауіп жойылыпты. Ұйқысы көп жәнефизикалық белсенділігі төмен адамдарда қатерлі ісіктенөлім қаупі 21%-ға өскен, бірақ жаттығу деңгейіжоғарылаған сайын бұл қауіп те жойылған.
«Қытай ғалымдарының зерттеуі дене шынықтыру мен ұйқыұзақтығы өлім қаупімен тығыз байланысты екенін растапотыр. Сондықтан физикалық белсенділік нашар ұйқыныңжағымсыз әсерін азайтуға қабілетті. Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымы аптасына 150 минут орташафизикалық белсенділікті немесе 75 минут қарқындыфизикалық белсенділікті ұстануды ұсынады. Адамның өзіұстанатын және басқаратын салауатты өмір салты мен салауатты әдеттер ғана ұзақ және сапалы өмір сүругемүмкіндік береді», — дейді қазақстандық сарапшы СағатАлтынбеков, дәрігер-нарколог, С. Д. Асфендияроватындағы ҚазҰМУ профессоры, «Психикалықденсаулық саласында жұмыс істейтін мамандарқауымдастығы» РҚБ президенті.
Сарапшы алкоголь, темекі шегу және дұрыс тамақтанбаусияқты жаман әдеттер де ауыр аурулардың қаупінарттыратынын атап өтті. Жағымсыз әдеттерден бас тартуғаәлі дайын емес адамдарға сарапшы зиянды азайтутұжырымдамасын қолдануды ұсынады. Бұл тұжырымдамазияны аз баламаларға біртіндеп көшуді білдіреді: күштіалкогольден алкогольсіз сусындарға, дәстүрлі темекідентүтінсіз құрылғыларға, майлы тағамнан сау тағамға.