Павлодарская область

«Пәтерлер құнсызданып қалды»: Қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан жаппай көшіп жатыр

Қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласында сатылымға қойылған пәтерлер көбейген.Хабарламалар арасында баспаналарын өте арзан бағаға беріп жатқандар көп екен. Өйткені тұрғындар алдағы қыста қайта апат болып, суықта қала ма деп қорқады. Ал әкімдік өкілдері қазандықтардың барлығын қыс түспей жөндейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро”бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Жарнама сайттарының бірінде тәулік ішінде Екібастұздағы 200-ге жуық үй сатылымға шығыпты. Бағасы да арзандап кеткен. Бұрын 9-10 миллион теңге тұрған 1 бөлмелі пәтерлер 4-5 миллионның шамасында болса, 2 бөлмелілердің құны 7 миллион теңгеден тұр. Қала тұрғыны Юрий Павленконың сөзінше, Екібастұздан халықтың көшуі таңғаларлық жәйт емес. Өйткені жұрт өткен қыстағы қайта орын алуы мүмкін деп алаңдайды дейді.

“Иә, қазір Екібастұз жұртшылығы өте алаңдаулы. Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр. Пәтерлер құнсызданып қалды. Өте арзан бағада сатылып жатыр. Олар жылу орталығы әне-міне жөнделеді дегенге сенбейді”, – деді тұрғын Юрий Павленко.

Ал жергілікті билік өкілдері келесі жылыту маусымына дейін жылу орталығындағы сегіз қазандық жөнделетінін мәлімдеді. Бүгінде зақымданған құбырлар ауыстырылып жатыр екен.

“Жылу электр орталығында 10 қазандық агрегаты бар. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ұзындығы 5,4 шақырым болатын негізгі жылу магистралін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталды”, – деді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов.

Айта кетсекғ өткен қыста қақаған аязда Екібастұзда тозған жылу желілері бірнеше жерден жарылып, ірі апат болған еді. Соның кесірінен жүзге жуық тұрғын үй жылусыз қалды. Бүгінде жартысынан жуығы ыстық судан ажыратылған.

Другие новости

Back to top button