Нур-Султан

Нұр-Сұлтанда жас жігітті ұрып-соғып, тонап кеткендердің видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтанда жас жігітті белгісіз біреулер ұрып-соғып, тонап кеткені бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гете көшесінің бойындағы «Паровоз» ескерткішінің жанында жас жігіттен белгісіз біреу темекі сұраған. Сонан сол ол жәбірленушіні ұрып-соғып, оның қолынан ұялы телефонын тартып алған.

Шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Күдікті кейін қамауға алынды. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жігіт ұрланған телефонды вокзал маңында өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген. Қазір «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктінің қаладағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.«Сарыарқа» аудандық унитарлық кәсіпорнының басшысы Дулат Жұмағұлов

Другие новости

Back to top button