Спорт

Алматыда жасөспірімдер арасында каратэден халықаралық турнир өтеді

Балаларды қорғау күні және полковник Р.П.Мосоловтың 100 жылдығына орай балалар, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар арасында бүкілстильдік каратэден  халықаралық турнир өтеді.

 «Халық» қайырымдылық қорының бас демеушілігімен 2023 жылдың 04 маусымы күні Алматы қаласында «Балаларды қорғау күні және полковник Р.П.Мосоловтың 100 жылдығына орай балалар, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар арасында бүкілстильдік каратэден  халықаралық турнир» ұйымдастырылып отыр. 

Турнирді ұйымдастырушылар – Алматы қаласы спорт басқармасы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоцациясы, Қазақстаннның барлықстильдік каратэ федерациясы, Қазақстанның кекушинкай каратэ-до федерациясы.

Турнирге 7 мемлекеттен, яғни Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Моңғолия және Қазақстан елдерінен 5-17 жас аралығындағы 500-ден аса спортшы балалар қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша  турнирдің негізгі мақсаты президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Бұқаралық спортты дамыту туралы» Жолдауын іске асыру,жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау,жекпе-жек өнерін дамыту және танымал ету,ең мықты спортшыларды анықтау, каратэ мен басқа да жекпе-жек өнерінің әртүрлі стильдері федерациялары арасындағы достықты нығайту.

Бұдан бөлек, алдағы күндері «Халық» қайырымдылық қорының  Алматы облысы филиалы 2023 жылдың 15-16 маусымы күндері Футболдан I «Халық Open Cup» ауыл балалары арасындағы турнирін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл турнир – ауыл балаларын спортқа баулу, ауыл футболын қолдау, балалар арасында футболды дәріптеу және жас футболщылардың шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылмақ.

 

«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы еліміздің аса маңызды —  әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларын  іске асыру мақсатында құрылып, тиісті деңгейде өз жұмысын атқарып келеді.

Республика үшін орасан зор сынақ болған 2020-2022 жылдардағы оқиғаларда да «Халық» қоры  халықтың әлсіз топтарына  әлеуметтік көмек көрсетуді,  сонымен бірге Мемлекет Басшысы — Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік бастамаларын толық қолдауға назар аударуды жалғастырып келе жатыр.

 

Другие новости

Back to top button