
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін қайта сайлануымен құттықтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі аяқталды. Реджеп Тайып Ердоған сайлауда 52% дауыс жинап, президент атанды.
«Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіндегі лайықты жеңісімен құттықтаймын», – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-парақшасында.
Тоқаевтың айтуынша, елдерді тарихи достық пен ынтымақтастық байланыстары біріктіреді. Бұл жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дамиды.



