Жетысуская область
Текеліде тоғыз жасар қыз ойнап жүріп, тоққа түсті
Жетісу облысындағы Текеліде 24 мамыр күні жасырынбақ ойнап жүрген қыз трансформаторлық қосалқы станцияға көтеріліп, тоққа түскен. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысының ПД ақпараты бойынша, зардап шеккен бала 2014 жылы туған. Қыз ауруханада. Оқиға бақылауға алынды.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Аталған факт қалалық полицияның ақпаратты есепке алу кітабында ресми тіркелген. Жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстық департаментіне жіберілді», – деп түсіндірді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.