Алматыда есірткіні балалар тамағының қорабына салып тасымалдағандар ұсталды
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 24 келіге жуық. Барлық бұзушылықтар халықаралық сәлемдемелерді тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаскүнемдер есірткіні жеткізудің түрлі әдісін қолданып жатыр. Олар есірткі заттарын тұрмыстық техникада, ойыншықтарда, балалар тамағына арналған ыдыстарда және басқа да заттарда әкеліп жатыр.
Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Мәселен, тамыз айында «Жетісу» кеден бекетінде халықаралық почта жөнелтілімдері учаскесінде Rapiscan кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану жолымен сәлемдемеге кедендік бақылау жүргізу кезінде сәлемдеме күдік туғызды.
Сәлемдеме Одессадан Алматыға бағытталған. TruNarc портативті анализаторының мәліметтері бойынша, 200 MDMA таблеткалары мен 5 грамм ұнтақ мөлшеріндегі есірткі заттар «экстази» мен «кокаин» болып шықты, олар балалар тамағының ішіне жасырылған.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Тек 2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының Әуе көлігі прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің 23 әрекетінің жолын кесті. Өткен 2021 жылы есірткі заттарын Қазақстанға әкелудің 14 фактісінің жолы кесілген.
Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Қылмыскерлер есірткі заттарын негізінен АҚШ, Канада және Нидерландыдан әкелмек болды. Ұсталған есірткі құралдарының 69,6% -ы АҚШ-тан әкелінгені анықталды.
Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақапарт бойынша, 7 айда есірткі ұстаудың 23 фактісі анықталды, оның ішінде: 16-сы «марихуана» әкелу фактісі, 2-і «гашиш» әкелу фактісі, 1 MDMA (экстази) және «кокаин» әкелу фактісі