Денсаулық

ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Шымкент қаласының пациенттерін емдейді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ауруханаларының дәрігерлер тобы ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері шеңберінде тағы да өңірлерді аралауға шықты. Бұл жолы олар Шымкентке келді, онда №1 қалалық аурухана және Онкологиялық орталық базасында шеберлік сабақтарын, консультациялар жүргізеді және күрделі операциялар жасайды.

Бірінші күні Алматы қаласындағы СОВМИН ауруханасының онкологтары жергілікті Онкология орталығын аралап шықты, химия терапия бөлімшесінде пациенттерге маңызды ұсынымдар берді, күрделі клиникалық жағдайларды талдады, бауыр обыры, ұйқы безі үстіңгі бөлігінің обыры, асқазан обыры, ішек обыры бар пациенттерді қарап-тексерді, химия терапия алып жатқан және түрлі асқынулары бар пациенттердің емдеу тәсіліне түзету енгізді.

Сондай-ақ әріптестермен барлық санаттағы пациенттерді нутритивті қолдау бойынша мәселелерді, онкологиялық пациенттерді оңалту ерекшеліктерін талқылады, бірнеше сағатқа созылған өңештің үштен бірі (Н/3) с-r, Lewis бойынша аз инвазивті эзофагэктомия, көкеттің өңеш бөлігінің жарығы кезінде Тупа бойынша фундопликация сияқты күрделі операциялар жасады.

— Біздің сапарымыз іс-қимылдарға толы болды, күні бойы ауруханада
болып, операциялар жасадық. Біздің бұл өңірге келуіміз әріптестерімізге онкологиялық науқастарды оңалту мәселесінде химиятерапиядан өту және науқастарды шұғыл операциялар жасауға дайындау кезінде кешенді көзқарасты іске асыруға көмектеседі деп сенеміз. Операциядан кейінгі ерте мерзімде және амбулаторлық емдеу үдерісінде науқастарды қоректі заттармен қолдауды кең қолдану қажет, — деп бөлісті жоғары санатты дәрігер- гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Гаухар Исакова.

СОВМИН ауруханасы дәрігерлер тобының құрамында онкологтар Ержан Кенесбаев пен Естай Абзалбек бар, Естай Қазақстанда өңеш бөлігін алып тастау және оны асқазанмен тігу бойынша аз инвазивті тәсілмен операцияны бірінші рет жасады. Қазіргі таңда бұл өте кең таралғандықтан, күнделікті операция болып табылады.

Қазақстан өңеш онкологиясының эндемиялық аймағы болып қалуда. Естай Абзалбек бұл аурудың өте қызықты ықтимал себептерін атады.

— Қазақстанда кептірілген етті көп жейді, бұл өңеш обырына алып келетін
қауіпті канцероген. Сондай-ақ ыстық сұйықтықтар да өте қауіпті, ал біз шай, сорпа ішкенді ұнатамыз. Дәрігер ретінде Қазақстанда өте жиі кездесетін тамақты жатып ішуге болмайтынын айтамын, бұл дәстүр сфинктердің әлсіреуіне байланысты асқазаннның ішіндегісі өңешке қайта келіп түскен кезде гастроэзофагельді рефлюкс ауруының даму қаупіне әкеледі. Әрине, экологияның да әсері бар, — деп түсіндірді Естай Абзалбек.

Сонымен қатар «ОКА» АҚ дәрігерлері Шымкент қаласы мамандарының жоғары біліктілігін атап өтті.

Осындай тәжірибе алмасу аса қажет. Қазақстанда жыл сайын 36 мың онкологиялық пациенттердің жаңа жағдайлары тіркеледі, өкінішке қарай, олардың саны президенттік клиника дәрігерлері барған Оңтүстік Қазақстанда да өсіп отыр.

Дәрігерлер арасында осындай тәжірибе алмасу арқасында барлық қызығушылық танытып отырған мамандардың біліктілігі өсуде, емнен және дұрыс оңалтудан кейін аман қалғандар саны көбейеді, нәтижесінде обырдан болатын жалпы өлім-жітім азаяды.

 

Другие новости

Back to top button