Выбор редакцииСоциум
Кредит алып той жасау ұлттық проблемаға айналды — Ерболат Беделхан
ORDA музыкалық тобының жетекшісі, Ninety one тобының бұрынғы продюсері Ерболат Беделхан қазақстандықтардың тойды қарызданып өткізу мәселесін тілге тиек етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Қай мемлекетте тойға деп кредит береді? Бұл ойға да келмейді, ұлттық проблемаға айналды. Басқа елге айтсаң олар «шок» болады. Біз сондай ұлтпыз», – дейді Ерболат Бедалхан.
Өнер иесінің айтуынша, той өткізу үшін несие алу өзге елдерде жоқ ұғым.
Еске салайық, Ерболат Беделхан танымал Ninety one тобын құрып, Q-pop жаңа музыкалық жанр ашты. Жастар арасында қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға топтың қосқан үлесі зор.