Дежурный по стране

«Дін — Қазақ елінің басты идеологиясы емес. Болған жағдайда, біз құрдымға кетеміз.»

Нұрлан Жанай - блогер

Мына түрді, көзқарасты жаттап алыңыздар. “Жаңа Қазақстанда” уахабизм мен сәләфизмге қарсы күрес қатаң түрде жүруі керек. Осындай сақалистер мәселесі қозғалғанда, басқа намаз оқитындар да қосылып, қорғап кетеді. Демек, бұл жерде үлкен мәселе жатыр.

Бәріміз де мұсылманбыз. Жай мұсылман, басқа мұсылман, намаз оқитын-оқымайтын, сақал қоятын-қоймайтын деп бөлудің қажеті жоқ. Біз, бірінші қазақпыз, сосын мұсылманбыз.

Әлемнің кез келген елінде, көпшілік муслимдер пір тұтатын Сауд Арабияның өзінде бірінші ұлт, кейін дін тұрады. Алдымен — арабтың құқығы, кейін — басқа ұлттың құқығы. Түркияда да тура солай. Сен намаз оқитын мұсылмансың ғой, сенің құқығыңды жоғары қояйық деп еш жерде айтпайды

Дін — Қазақ елінің басты идеологиясы емес. Болған жағдайда, біз құрдымға кетеміз. Елді надандық пен ұрыс-соғыс жаулайды. Қазақтар жік-жікке бөлініп, бір-бірін тірілей бауыздайды.

Идеологиямен, ақпарат саласымен, кері байланыспен айналысатын Мемлекеттік кеңесші Karin Erlan мырза, Президенттің Баспасөз хатшысы Ruslan Zheldibay досым, мына дүние сұмдық. Сіздер мені танисыздар, мен де сіздерді жақсы танимын. Елдің болашағын ойласаңыздар, мына шаруаны бей-жай қалдырмаңыздар.

 

Блогер Нұрлан Жанайдың инстаграм желісінде жазған жазбасы

Другие новости

Back to top button