Выбор редакцииКарагандинская область
Қарағандылық бесінші қабатқа атпен шығып кеткен
Ат үстінде отырып, көпқабатты үйдің баспалдағымен жоғары көтерілген қарағандылық 10 күнге түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Рolisia.kz-ке.
Видео Тик-ток желісінде тараған. Ер адам атпен 5-қабатқа баспалдақпен шығып, онысын видеоға түсірген.
«Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», — делінген полиция мәліметінде.