Выбор редакцииКарагандинская область
Қарағандыда алапат өрт кезінде балконнан құлап кеткен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр
10 қаңтар күні кешке Қарағандыдағы көп қабатты үйде газ жарылып, үш адам қаза тапқан болатын
Қарағанды қаласындағы 16 қабатты үйдің 8-қабатындағы алапат өрт кезінде балконнан құлап кеткен ер адамның жағдайы орташа ауыр деңгейде. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде, есін біледі, бірақ, жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Науқастың кеуде қуысында жабық жарақат, жіліншік сүйектерінің жабық сынығы бар», — деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 10 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2 мекенжайындағы көпқабатты үйде өрт шыққан. 16 қабатты, бір кіреберісті, 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылып, жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақты жалын шарпыған. Сол сәтте 1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтердің балконынан құлап кетіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген еді. Өрт кезінде үш тұрғынның қаза тапқаны белгілі.