Синоптиктер 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етеді және аязды ауа райы болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады — 40-41 градус, Маңғыстау облысында өте қатты аяз — 25 градус сақталады, Ақмола облысында қатты аяз — 40 градус, Қарағанды облысында қатты аяз — 35-38 градус, Ақтөбе облысында – қатты аяз 35-36 градус, Атырау облысында — қатты аяз 30 градус, Түркістан облысының солтүстігінде қатты аяз 25-27 градус, Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз — 25 градус болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап қар жауады. Батыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -35-37, күндіз -26-28°С болады.
Алматыда күн бұлтты, кейде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -10-12°С болады, күндіз одан әрі төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстіктен секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -8-10°С болады.