Выбор редакцииЗападно-Казахстанская область
БҚО-да көлік су астына кетіп екі адам қаза тапты
ҚР ҚК-нің 345-бабы «ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Қайғылы оқиға БҚО Ақжайық ауданы Тоған ауылынан үш шақырым жерде болған. Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, Lada Vesta көлігінің 61 жастағы жүргізушісі көктайғаққа байланысты рульге ие бола алмай Бударин каналына түсіп кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy mgorod.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс оқиғадан бір адам зардап шегіп, екі адам қайтыс болды.
Оқиға 2 қаңтар күні сағат 15:30 шамасында болды. Салдарынан 62 жастағы жолаушы қаза тапты. Апат болған жерден тағы екі әйел түрлі жарақаттармен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, олардың бірі алған жарақаттарынан реанимацияда қайтыс болды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы «ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.