Госорганы

Жетісу фермерлері субсидия ала алмай қалуы мүмкін — сенатор

 Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында ауыл тұрғындарының проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Биыл Алматы және Жетісу облыстарының шекаралары белгіленді. Алдын ала есептеулер бойынша жер учаскелерін қайта тіркеуге және тиісті құжаттарды қайта ресімдеуге шамамен 3,5 млрд теңге қажет болады. Мұндай шығындар кәсіпкерлер мен ферма басшыларынна қаржылай ауыртпалық түсіреді.

 

Сенатордың айтуынша, қазір Жетісу облысында қайта тіркеуге жататын 238 мыңнан астам нысан бар. Жер телімдеріне қайта ресімдеу жасалмаған жағдайда, ауыл тұрғындары мемлекеттен өңірлерді дамытуға бағытталған субсидия алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

«Мемлекеттік органдардың шешімімен елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылысы немесе шекаралары өзгерген жағдайда жер учаскелері елді мекендер шегіне қосылған кезде, жер учаскелерінің сәйкестендіру құжаттарын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асады. Осы орайда ҚР Бюджет кодексінің 46-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған жалпы трансферттер аясында республикалық бюджеттен кезең-кезеңімен қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз», — деді сенатор.

 

Другие новости

Back to top button