Актюбинская областьВыбор редакции
Ақтөбеде жаңа туған сәбиін қорапқа салып, тастап кеткен көкек ана табылды
Ақтөбеде жаңа туған нәрестесін қорапқа салып, көшеге тастап кеткен келіншек ұсталды. Ол мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Экспресс К.
29 жастағы әйелдің сәбиі шетінеп туылған. Содан ол нәрестенің мәйітін қорапқа салып, көпқабатты үй жанына тастап кеткен.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, келіншекті полиция ұстады. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында әйелдің кәмелет жасына толмаған екі баласы бар екені анықталды. Қазіргі таңда сот-медициналық экспертиза тағайындалды.