Жетісу облысында бұқа екі зейнеткерді сүзді
2 тамызда Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында өгіз екі қарт адамды сүзіп кеткен. Әже ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 тамызда ауылда төтенше жағдай болды: көшеде келе жатқан өгіз 70 жастағы екі зейнеткерді сүзіп тастады. Салдарынан әжейдің жамбас сүйегі сынып, ауруханаға түсті. Бұған дейін құзырлы органдарға ескерту жасалған, олардың әрекетсіздігінен мұндай жағдай орын алған. Бұл мәселе бойынша аудан басшылығына хабарластық, бірақ әзірге ешқандай шара болған жоқ», — деп хабарлады аймақ тұрғындары Instagram парақшасында.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті келесіні түсіндірді.
2 тамызда Кербұлақ ауданының орталық аудандық ауруханасына екі адам түскен. 1954 жылы туған науқас Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына жатқызылды (диагнозы: сол жақта сан сүйегінің сынуы). Екінші науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өз кезегінде әкімдік жануардың иесі анықталғанын қосты: оған айыппұл салынды.
Сондай-ақ аудан басшылығы жыл басынан бері тәртіп бұзған 315 ауыл тұрғыны жазаға тартылғанымен, көшеде мал аз емес дейді.