Восточно-Казахстанская областьВыбор редакции
ШҚО-да мұз астына кеткен көлікте болған әйелдің денесі әлі табылмады
Шығыс Қазақстан облысында мұз астына түсіп кеткен көлік ішінде болған әйелдің денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 желтоқсан күні сағат 19.40 кезінде Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 5 адам отырған көлік мұз астына құлаған. Төртеуі көліктен шығып үлгеріп, 72 жастағы әйел суға батып кеткен.
«Қазіргі уақытта әйелдің денесін іздестіру жалғасып жатыр. Барлығы 6 рет су астына түсу жұмыстары жүргізілді. Сүңгуірлерге ауаның төмен температурасы мен су астындағы қараңғылық қиындық келтіруде. Олар әр жерді қолмен сипап, іздеуге мәжбүр», — делінген ақпаратта.
Судың тереңдігі шамамен 20 метрді құрайды. Онда жеке құрамнан 23 адам мен 7 техника жұмылдырылған.
Еске салсақ, ШҚО-да бес адам мінген көлік мұз астына түсіп кетіп, бір жолаушы көз жұмғаны хабарланған болатын.