Жамбылская область

Арзан қантқа құмартқан Тараз тұрғыны 4 млн теңгесінен айырылды

Ақыр соңы не қантты да ала алмай, ақшасынан да айырылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Алданған тұрғын полицейлерге шағымданыпты. Айтуынша өзіне бейтаныс біреу оған арзан бағада қант ұсынған. Ал тұрғын соған сеніп, 20 тонна қантты арзан бағаға сатып алғысы келген. Алаяққа 4 млн 200 мың теңге ақшасын төлеп қойған ол өзінің алданғанын қант зауытына барғанда бір-ақ біліпті.

 

Бұл іске байланысты күдікті ретінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұған дейін бірнеше рет сотты болған күдікті қазір тергеу абақтысына қамалған.

 

Другие новости

Back to top button